Accessibility links

Маккейн ресейлік зымыран двигателін сатып алуға қарсы шықты


Cенатор Джон Маккейн.

Cенатор Джон Маккейн.

Республикашыл сенатор Джон Маккейн дүйсенбі күні өкілдер палатасының Ресейден көп мөлшерде зымыран двигательдерін сатып алу туралы бюджеттік жобасына қарсы екенін екенін мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша ол бұл шешімді тоқтауға қолдан келгеннің бәрін жасайтынын білдірген.

- Ресей әскері Украинаны оккупациялауды жалғастырып жатқанда, өкілдері палатасының бұл заң жобасына қарсы екенімді білдіремін, - деген ол.

Сенатордың айтуынша, бұл заң жобасы "Путин мен оның достары үшін Америка салық төлеушілерінің 300 млн долларына кепілдік" береді.

XS
SM
MD
LG