Accessibility links

Теміртаудың 55 жылдығы атап өтіліп жатыр


Қазақстан металлургтерінің орталығы саналатын Теміртау қаласында бүгін қаланың 55 жылдығы атап өтіліп жатыр.

Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының нөмірі үшінші домна пешіне мерейтойлық реттік нөмірі 55-шойын балқытылды. Мерекелік шараға металлургиялық комбинат құрылысына қатысқан ардагерлер шақырылды. Бұл домна пешінде бір кездері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та жұмыс істеген. Бүгін ардагерлер ол туралы да еске алысты.

- Жас кезінде комбинатқа комсомолдық жолдамамен Нұрсұлтан Назарбаев келді. Ол алғашқы шойынды құюға қатысып, ел президенті қызметіне дейін көтерілді, - деді Азаттыққа комбинат ардагері, бұрын бас шойын балқытушы болған Владислав Емушинцев.

Комбинаттың кейбір ардагерлерінің айтуынша, бұрын жұмысы өте қауіпті саналатын домна пешінде жұмыс істегендер ең бай саналған, оларға жақсы жалақы төленген.

Домна пешінің жұмысын көрген ардагерлердің бірі сол жерде "мазутты аздап азайтып, температураны көбейту қажет" деп ескерту жасады. Басқа да ескерту мен тілектер айтылды.

Бүгін мерейтойлық шойын балқытылған үшінші домна пеші таяуда ғана күрделі жөндеуден өткізілген.

- Үшінші домна пеші - бұл біздің бетке ұстарымыз. Бұл биыл қосылған жаңа пеш. Домна пештерінде жұмыс істеу қашан да өте ауыр болған. Қазір біраз жеңілдеді, - деді "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атқарушы директоры Иво Хмелик.

Теміртау қаласын салуға бұрынғы совет одағы елдерінің 48 облысынан жастар қатысқан. Мұнда алғашқы металлургиялық зауытты салу туралы үкімет құжатына 1942 жылы Мәскеуде қол қойылған.

XS
SM
MD
LG