Accessibility links

Ауғанстанда НАТО әскеріне шабуыл жасалды


НАТО әскерилеріне жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. Кабул, Ауғанстан, 30 маусым 2015 жыл.

НАТО әскерилеріне жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. Кабул, Ауғанстан, 30 маусым 2015 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабулда бүгін НАТО әскерилері мен полиция штаб-пәтеріне жасалған шабуылдан үш адам қаза тауып, 60-қа тарта адам жараланды. Шабуыл Кабул әуежайына баратын жолда, АҚШ елшілігіне жақын маңда жасалды. Шабуылға жауапкершілікті "Талибан" мойнына алды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шабуылдан бір бейбіт тұрғын қаза тауып, 19 адам жараланған.

Бұдан бірнеше сағат бұрын ғана Ауғанстанның солтүстігіндегі Гельманд уәлаятында полиция штаб-пәтері қақпасында жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылған. Жарылыстан екі адам қаза тауып, 40-тан астам бейбіт тұрғын жараланған.

XS
SM
MD
LG