Accessibility links

Бішкек Астанамен төтенше жағдай орталығын ашуды мақұлдады


Қырғызстан парламенті. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан парламенті. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламенті Бішкек пен Астана арасындағы төтенше жағдайлар және табиғи апаттардан келетін қауіпті азайту орталығын құру туралы келісімді ратификациялады.

2013 жылы 17 мамырда Алматыда қол қойылған келісім мақсаты төтенше жағдайлар қаупін азайтып, олардың зардаптарын жеңілдететін және төтенше оқиғаларға бірлесе жауап берудің тиімді механизмдерін қалыптастыратын орталық құру болып саналады.

Орталық ақпарат жинау және алмасу, алдын-ала хабарлау мен мониторинг жүйесін дамыту, табиғи және техногендік төтенше оқиғалар қаупін азайту, төтенше жағдайларда тиімді әрекет ету жағдайларын жасау үшін құрылмақ.

XS
SM
MD
LG