Accessibility links

Грекия: ХВҚ-ға несие берешегін өтемейміз


Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.

Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.

Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис 30 маусымда Афина Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) несиесіне қатысты төлемді бірнеше сағатта жасай қоймайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Афинаның несие берешегін төлеу мерзімі аяқталып келе жатқан сайын несие берушілермен келісімге келуге тырысып жатыр деген ақпараттар тараған. Грекия 1,8 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі несие берешегін Вашингтон уақыты бойынша 18:00-де төлеуі тиіс.

Грекия үкіметі премьер-министр Алексис Ципрастың Еуропа комиссиясы президенті Жан-Клод Юнкермен, Еуропа Орталық банкі басшысы Марио Драгимен және Еуропа парламенті президенті Мартин Шульцпен сөйлескенін хабарлады.

Германия канцлері Ангела Меркель 30 маусымда Грекияға қатысты "келіссөз жүргізу есігі ашық" екенін, бірақ Грекиямен келіссөзде қандай да бір ілгерілеушілік барын естімегенін айтты.

Ципрас Грекия сайлаушыларын 5 шілдеде мерзімінен бұрын өтетін референдумда халықаралық несие берушілер талаптарынан бас тартуға шақырған.

Еуропа Одағы басшылары несие берушілер талаптарынан бас тарту Грекияны еуро аймағынан шығып кетуге әкеп соқтыратынын ескертті.

XS
SM
MD
LG