Accessibility links

Беларусьте президент сайлауы 11 қазанда өтеді


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь парламенті 11 қазанға ел президенті сайлауын белгіледі.

Іс басындағы президент, 60 жастағы Александр Лукашенко жиырма жылдан асқан билігін ұзарта түсу үшін сайлауға тағы түседі деп күтіліп отыр.

Беларусьтің бірнеше саяси партиясы мен саяси блоктары сайлауға Лукашенкоға қарсы кандидат ұсынатындарын мәлімдеп үлгерді.

Лукашенко билікке келген 1994 жылдан бергі сайлаулардың бір де бірін халықаралық бақылаушылар әділ, я еркін өтті деп бағаламаған.

Беларусьте 2010 жылы желтоқсанда өткен президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Александр Лукашенко оппозицияны басуға кіріскен. Сайлаудан кейін Минскіде оппозиция өкілдері дауыс беру нәтижелеріне қарсылық білдіріп, көшеге митингіге шыққан. Полиция жүздеген адам мен сайлауда Лукашенкоға бәсекелес болған жеті кандидатты тұтқындаған. Кейін жеті кандидаттың екеуі сотталып, біреуі босап шыққан. Біреуі әлі түрмеде отыр.

XS
SM
MD
LG