Accessibility links

Ресей Ходорковскийге қарсы істі қайта ашты


Михаил Ходорковский.

Михаил Ходорковский.

Ресей тергеушілері 1998 жылы Нефтеюганск қаласы мэрі Владимир Петуховтың өліміне қатысты қылмыстық істі қайта ашып, қуғындағы бұрынғы мұнай магнаты Михаил Ходорковскийдің ол іс бойынша басты күдікті деп тапты.

Ресей тергеу комитетінің 30 маусымда таратқан ақпаратына қарағанда, тергеушілер Петуховтың өлімін тергеуді қайта ашуға жетерлік жаңа айғақтар тапқан. Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің сөзінше, Ходорковский Петуховты өлтіруге жеке өзі тапсырыс берген болуы және басқа да ауыр қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Ходорковскийдің өкілі Ольга Писпанен тергеушілер айыбын "жаздағы естен адасушылықтың бір түрі" деп атады.

Петуховтың өліміне қатысты бұған дейін ешкім сотталмаған.

Ходорковский бұған дейін Ресейдің жойылған "ЮКОС" компаниясын басқарған. Ресейде экономикалық қылмыстар жасаған деген айыппен 10 жыл түрмеде отырған Михаил Ходорковский, 2013 жылдың соңында президент Владимир Путиннің рақымшылығымен бостандыққа шыққан. Содан бері ол Швейцарияда тұрады.

Ол өткен жылы 2001 жылы өзі және ЮКОС компаниясы акционерлері құрған, қайырымдылық, білім және ағарту мақсатындағы шараларды жүзеге асыруға арналған «Ашық Ресей» жобасын қайтадан бастады.

XS
SM
MD
LG