Accessibility links

Еуро аймақ елдері Грекияның ұсынысын талқылайды


Грекия Ұлттық банкі алдында зейнетақысын алу үшін кезекте тұрған зейнеткерлер. Афина, 29 маусым 2015 жыл.
Грекия Ұлттық банкі алдында зейнетақысын алу үшін кезекте тұрған зейнеткерлер. Афина, 29 маусым 2015 жыл.

Еуро қолданатын елдердің қаржы министрлері 30 маусым күні кешке телефон арқылы Грекия үкіметінің елдегі қаржы дағдарысын шешуді көздейтін жаңа ұсыныстарын талқылайды.

Кейбір ақпараттар бойынша, Афина еуро қолданатын елдерден екі жыл мерзімге жеңілдетілген жаңадан несие алуды сұрамақ ниетте.

Грекия алдағы бірнеше сағат ішінде Халықаралық валюта қорына 1,8 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие төлемін жасауы қажет. Төлей жасалмаса Грекия дефолт болады.

Грекияда елдің дефолтқа ұшырау қаупі мен еуро қолданатын аймақтан шығу қаупі туындағандықтан грекиялықтар банкоматтар алдында ұзын-сонар кезекке тұрды. Елде бір күнде банкоматтан 60 еуродан көп ақша алуға шектеу қойылды.

Грекия банктері осы аптада Афина несие берушілермен келісе алмағаннан кейін жабылып қалды.

Грекияда 5 шілдеде Афина несие берушілер талабын орындай ма, әлде бас тарта ма деген мәселені анықтау үшін референдум өтеді.

XS
SM
MD
LG