Accessibility links

Уимблдон: Қазақстандық үш теннисші жекелей сынды аяқтады


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.

Әйелдер арасындағы сында әлемнің 79-ракеткасы 27 жастағы Ярослава Шведова бірінші айналымда хорватиялық 33 жастағы теннисші Марианна Лючич-Барониден (54-ракетка) 5:7, 7:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Шведова енді австралиялық Кейси Деллаквамен бірге жұптық сында жарысқа қатысады.

Ерлер арасында 27 жастағы Михаил Кукушкин (59) бірінші айналымда әлемнің үшінші ракеткасы ұлыбританиялық Энди Маррэйден 4:6, 6:7, 4:6 есебімен ұтылды.

28 жастағы қазақстандық теннисші Александр Недовесов (122) бірінші кезеңде сербиялық Виктор Троицкиден (22) төрт сетте жеңілді - 1:6, 4:6, 6:3, 3:6.

Қазақстан теннисшілері арасында Зарина Дияс (34) пен Юлия Путинцева (95) ғана екінші кезеңге шықты.

Уимблдон – теннистен әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт турнирдің бірі. Лондонда өтетін жарыстың жүлде қоры 26 миллион 750 мың фунт стерлингті құрайды.

XS
SM
MD
LG