Accessibility links

Коалиция хуситтерге 210 рет әуеден соққы берген


Йемендегі әуе шабуылынан қираған үйлердің бірі. 24 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Йемендегі әуе шабуылынан қираған үйлердің бірі. 24 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Сауд Арабиясы жетекшілік ететін халықаралық коалиция күштері Йемендегі қарулы хуситтер бақылауындағы нысандарға 210 рет әуе шабуылын жасаған. Салдарынан тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар қираған.

Адам құқықтары ұйымдарының дерегі бойынша, Сәуірдің 6-сы мен мамырдың 11-і аралығында Саада қаласында қаза тапқан 59 бейбіт тұрғынның 14-і - әйел, 35-ы - балалар.

БҰҰ деректері бойынша, Йеменде қарулы жанжал басталған наурыз айынан бері жалпы саны екі мыңға жуық адам қаза тауып, жеті мыңдай адам жараланған.

Сондай-ақ Йеменнің Таиз қаласындағы түрмеден 1200 тұтқын қашып кеткені, олардың арасында әл-Каида ұйымының өкілдері де бар екені хабарланды.

XS
SM
MD
LG