Accessibility links

Грекия несие қарызын өтей алмай дефолт болды


Грекияның еуро қолданатын аймақ құрамында қалуын талап еткен шеру. Афина, 30 маусым 2015 жыл.

Грекияның еуро қолданатын аймақ құрамында қалуын талап еткен шеру. Афина, 30 маусым 2015 жыл.

Грекия 30 маусымның түніне дейін халықаралық валюта қорына 1,8 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі несие берешегін төлей алмай, бес жыл мерзімге жоспарлаған көмек қаржыны ала алмағандықтан дефолтқа ұшырады.

Грекия ХВҚ-ға қарызын төлей алмаған бірінші дамыған ел болып отыр. Бұған дейін 2001 жылы Зимбабве де қарызын төлей алмай, дефолт болған.

Грекия көмек қаржыны алып қалудың соңғы амалдарын жасағаннан кейін, еуро қолданатын елдер қаржы министрлері телеконференцияда Грекия қарызын төлемейінше көмек қаржыны алуға қатысты ешқандай келіссөз болмайтынын мәлімдеді.

"Көмек қаржы бағдарламасын созу ақылға сыйымсыз болар еді. Бағдарлама түнде аяқталады" деді еуро қолданатын елдер қаржы министрлері тобына жетекшілік ететін Дания қаржы министрі Джероен Дисселблум.​

ХВҚ тарихында мұншалықты қарыздың өтелмей қалуы алғаш болып отыр. ХВҚ ресми өкілі Джерри Райс Грекия ХВҚ-ның көмек қаржысын қарызын өтегеннен кейін ғана ала алатынын мәлімдеді.

Райс Грекия несие берешегін өтеу мерзімін созуды сұрағанын, ХВҚ басшылығы мұны "қарастыратынын" айтты.

XS
SM
MD
LG