Accessibility links

Киев Қырымға электр энергиясын беруді тоқтатпақ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Украина Ресей энергетика министрлігін 1 шілдеден бастап Мәскеу аннексиялап алған Қырым түбегіне электр энергиясын беруді тоқтататынын хабарлады. Ресей энергетика министрлігі сайтында хабарланғандай, "Укрэнерго" компаниясы бұл туралы 30 маусым күні кешке ескерткен.

Қырымға электр энергиясын беру Венада Ресей, Украина және Еуропа комиссиясы арасындағы газ келіссөзі қарсаңында тоқтатылып отыр. Мәскеу мен мен Киев үшінші тоқсанда Украинаға Ресей газын тасымалдауға қатысты келісім жасай алмаған. Украина Ресейден газдың мың текше метрі үшін бағасын 100 АҚШ долларына дейін арзандатуды сұраған. Ресей газ бағасын 40 долларға ғана арзандататынын мәлімдеген. Киев бұдан бөлек газды жылыту маусымы аяқталғанға дейін бір ғана бағамен сатып алуды қалайды. Бірақ Мәскеу газ бағасын тоқсан сайын қайта қарауды ұсынады. Кеше кешке "Нафтогаз Украина" ресей газын сатып алу тоқтағанын хабарлаған

Желтоқсанның соңында Украина Қырымға электр энергиясын беруді бірнеше рет тоқтатқан. 26 желтоқсанда Қырымның барлық аумағы электр қуатынан ажыратылған. Өткен жылдың желтоқсанында Украинадан Қырымға электр қуатын үздіксіз тасымалдау туралы келісім жасалған. Келісім әр ай сайын ұзартылып тұруы тиіс болатын.

XS
SM
MD
LG