Accessibility links

"KazSat-2" жұмысы қалпына келтірілді


"KazSat-3" спутнигін тіркеген зымыранның ғарышқа ұшырылу сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2004 жыл.

"KazSat-3" спутнигін тіркеген зымыранның ғарышқа ұшырылу сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2004 жыл.

Қазақстандық "KazSat-2" байланыс спутнигі штатта тыс жағдайдан кейін жұмысын жалғастырды деп хабарлады Қазақстан ғарыштық байланыстар орталығы ресми сайтында. Орталық мәліметінше, штаттан тыс жағдай 24-25 маусым күндері байқалған "күн сәулесі белсенділігінің тым артып кетуінен" туындауы мүмкін.

"KazSat-2" спутнигінде штаттан тыс жағдайдың туындауына ғарыштық аппаратты басқару жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы іркіліс себеп болған" делінген ақпаратта. Қазақстан ғарыштық байланыстар орталығы президенті Виктор Лефтер 29 маусымда "KazSat-2" бортынан келетін телеметрияда іркіліс байқалып, оның салдарынан спутникті басқаруда қателік туындағанын айтады.

Штаттан тыс жағдай салдарынан "KazSat-2" қызметін пайдаланатын OTAU TV спутниктік желісінде телеарналарды тарату қызметінде іркіліс болған.

Ресейде жасалған "KazSat-2" спутнигі 2011 жылы жазда Байқоңырдан ұшырылған. Қазақстанның 2006 жылы маусымда ұшырған алғашқы "KazSat-1" спутнигі де Ресейде 65 миллион АҚШ долларына жасалған. Бұл спутник 2008 жылы маусымда істен шығып, кейін орбитаға жіберілген.

Қазақстанның үшінші спутнигі "KazSat-3" спутнигі 2014 жылдың 28 сәуірінде ұшырылған. 2014 жылдың желтоқсанында оның іске қосылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG