Accessibility links

Бішкекте наразылық танытқан саудагерлер ұсталды


Бішкектегі Ош базары. (Көрнекі сурет).

Бішкектегі Ош базары. (Көрнекі сурет).

Бішкекте бүгін үкімет ғимаратында акция өткізген саудагерлерді милиция ұстап әкетті деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Жергілікті азаматтық белсенді Назарбек Нышановтың сөзінше, милиционерлер акцияға қатысқан шамамен 300-дей адамды әкеткен. Бірақ милиция бөлімшесіндегілер Азаттыққа шамамен жүздей адам "рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін" ұсталғанын айтты.

30 маусымда Бішкектің Ош базарында стихиялы сауда жасайтын ондаған адам өздерінің сауда жасауына рұқсат етуді талап етіп митингіге шыққан. Жергілікті билік өкілдері Ош базарының барлық саудагерлеріне "стихиялы түрде сауда жасауға рұқсат метілмейтіні" ескертілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG