Accessibility links

Финляндия Ресей парламенті спикерін елге кіргізбеді


Ресей мемлекеттік думасы спикері Сергей Нарышкин.

Ресей мемлекеттік думасы спикері Сергей Нарышкин.

Финляндия Ресей мемлекеттік думасы спикері Сергей Нарышкинді Хельсинкиде 5-9 маусым аралығында өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы сессиясына қатысу үшін елге кіргізуден бас тартты.

Финляндия сыртқы істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, мұндай шешім Нарышкиннің Еуропа Одағының "қара тізімінде болғаны үшін қабылданған.

Өткен жылдың наурызында Еуропа Одағы Ресейге Украинадан Қырым түбегін аннексиялағаны және Донбасстағы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін санкция салған. Ол кезде виза беруге тыйым салынатын ресейлік саясаткерлер, бизнесмендер мен шенеуніктер тізімі жасалған.

Ресейлік делегация құрамында ЕО "қара тізіміне" іліккен тағы бес адам бар. Финляндия сыртқы істер министрлігі оларға да виза беруден бас тартылғанын хабарлады.

Сергей Нарышкиннің баспасөз хатшысы Евгений Чугунов виза беруден бас тартудан хабарсыз екенін мәлімдеді. Нарышкин санкция салынғаннан кейін Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының түрлі шараларына қатысу үшін Францияға үш рет барған.

XS
SM
MD
LG