Accessibility links

Бішкек Назарбаевты "Манас" орденімен марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Астана, 7 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Астана, 7 қараша 2014 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау туралы» жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы ақпарат бүгін Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланды.

Жарлықта Назарбаевқа бұл орден «екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін және Қырғызстан мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтқаны үшін» берілгені айтылған.

2014 жылы Назарбаев Атамбаевты «Достық» орденімен марапаттаған.

XS
SM
MD
LG