Accessibility links

Сенат сот және соттан тыс құжаттар конвенциясын мақұлдады


Қазақстан парламенті сенатының ғимараты.
Қазақстан парламенті сенатының ғимараты.

Қазақстан парламенті сенаты бүгін азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң қабылдады. Құжатты сенатта таныстырған әділет министрі Берік Имашев аталған конвенцияда азаматтық немесе сауда істерінің сот құжатын немесе соттан тыс құжатты шетелде дипломатиялық өкілдіктер мен мемлекеттік орталық органдар арқылы тапсыру механизмі қарастырылғанын айтты.

Министрдің сөзінше, конвенцияны ратификациялау Қазақстанмен құқықтық көмек туралы екіжақты келісім жасамаған, бірақ осы конвенцияға қосылған мемлекеттерге сұрау жолдауға мүмкіндік береді. Қазақстан әділет министрлігінің дерегі бойынша, осы конвенцияға 68 мемлекет қосылған, олардың 27-і әзірше Қазақстанмен құқықтық көмек туралы екіжақты келісімге отырмаған.

Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция 1965 жылы қарашаның 15-і күні Гаагада қабылданған.

XS
SM
MD
LG