Accessibility links

Қырғызстанда қамаудан қашқан қазақстандықты іздеп жатыр


Қырғызстан милиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан милиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан құқық органдары түрмеден қашып кеткен және терроризм айыбы тағылған Қазақстан азаматын іздестіріп жатыр деп хабарлады осы елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. Мекеменің ресми сайтындағы ақпаратта «жасырын террорлық ұйымға қатысы бар» деген күдікке ілінген Қазақстанның екі азаматы «Қырғызстан аумағында террорлық актілер ұйымдастыруға ниеттенгені» айтылған.

Қамаудан қашып, іздеу жарияланған екеудің бірі – Қазақстан азаматы Альберт Абхин Бішкектегі тұрғын кварталдардың бірінде өзін ұстамақ болған кезде «белгісіз жарылғыш затты» жарып жіберіп өз-өзін мерт қылған деп хабарлады Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Маусым айында қоныстандыру колониясынан қашып кеткен Қазақстан азаматтары – 24 жастағы Альберт Абхин мен 27 жастағы Жанболот Амировқа іздеу жарияланған. Былтыр Бішкектің Первомайск аудандық сотының үкімімен ол екеуі «шекарадан заңсыз өткен» және «жалған құжат жасаған» деген айыппен төрт жылға сотталған. Қырғыз арнайы қызметінің ақпараты бойынша, құқық органдары өкілдері маусымның 26-сы күні екі қашқынның Бішкектің орталығында жасырынып жүрген жерін анықтаған. Бірақ, оларды қолға түсіруге барған қауіпсіздік қызметі өкілдері «адам көп жүрген қоғамдық орында кездейсоқ қазаға жол бермеу» мақсатында қару қолданбауды ұйғарғандықтан, қарулы қарсылық көрсеткен екі қашқын бой жасырып үлгерген делінген ресми ақпаратта.

XS
SM
MD
LG