Accessibility links

АҚШ билігі Каримов отбасына тиесілі қаржыны бұғаттауды сұрады


Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова.

Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова.

АҚШ әділет министрлігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың отбасына тиесілі компанияның есепшотындағы 300 миллион долларды бұғаттауға сотқа арыз берді деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі. Хабарламада АҚШ билігі Өзбекстанның телекоммуникация саласына қатысты жасалған келісімдерді тергеу ісі аясында талап беріп отырғаны айтылған.

АҚШ әділет министрлігі осы елдің биржаларындағы құнды қағаздар саудасына қатысы бар ресейлік екі компанияның қызметіне тергеу жүргізіп жатыр. Тергеушілер ресейлік МТС және «Вымпелком» байланыс опараторлары нарыққа ену үшін Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримоваға пара берген деп күдіктенеді. Америка құқық органдарының күмәнін тудырған қаржылар Bank of New York Mellon банкінің және Ирландия, Люксембург пен Бельгиядағы банктердің есепшоттарында жатыр.

«Вымпелком» және МТС компанияларының өкілдері есепшоттардың бұғатталуына қатысты түсініктеме бермеді.

Бұған дейін Өзбекстан прокуратурасы Гүлнара Каримоваға 53 миллион долларды заңсыз иемденді деген айып таққан. Каримованың өзі былтырғы ақпан айынан бері үйқамақта отырғаны туралы оның адвокаты Лоскли Райан хабарлаған.

XS
SM
MD
LG