Accessibility links

Назарбаев шенеуніктерді үнемдеуге шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерді мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды. Бұл туралы ол бүгін Қазақстандағы индустрияландыру күніне арналған шара барысында мәлімдеген.

«Барлығы білуі тиіс: мемлекет қаржысын, ұлттық қордағы қаражатты бөтеннің ақшасы сияқты жұмсауға жол берілмеуі керек. Біз бұны бақылауда ұстайтын боламыз» деген Назарбаев.

Өз сөзінде шикізат бағасының арзандауы «үнемдеуге мәжбүр ететінін» және қазіргі кезде «жағдай қыса түскенін» айтқан Қазақстан президенті жақсы күндер келгенге дейін қаржыны үнемдеу қажет болатыны туралы мәлімдеген.

Президент Назарбаев үнемдеу жайлы бұған дейін де сөз еткен. Биыл ақпанның 11-і күні Астанада үкіметтің кеңейтілген жиынында Нұрсұлтан Назарбаев елде қатаң бюджет саясатын жүргізіп, «барынша үнемдеуге» шақырған. Қаңтар айында Астанада өткен тағы бір жиында Назарбаев мемлекетке «сауын сиыр» сияқты қарауды доғаруды айтқан еді.

XS
SM
MD
LG