Accessibility links

Кремль Киевтің конституцияны өзгерту ұсынысын сынады


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей Украина билігінің ел конституциясына ұсыныстар енгізу жобасына қатысты алаңдаушылық білдіріп, Киевтің "сепаратистер қойған талаптан үзілді-кесілді бас тартқанын" мәлімдеді.

Кремль өкілі Дмитрий Песков 2 шілдеде Украина билігі ақпан айында Минскіде қол қойылған Донбасстағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді бұзып отыр деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Киев конституцияға өзгерістер енгізуде сепаратистер жетекшілерінің пікірін ескермеген.

Донецк сепаратистерінің жетекшісі Александр Захарченко Украина билігінің өзімен және "Луганск халық республикасының" жетекшісі Игорь Плотницкиймен конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты кеңеспегенін мәлімдеді.

Украина президенті Петр Порошенко кеше аймақтарға барынша көп билік беріп, бюджетін бақылауда ұстау туралы ұсыныс жобасын таныстырған. Порошенконың жобасында конституцияға сепаратистерге жартылай автономия беру жөнінде өзгеріс енгізу қарастырылмаған. Жобада тек сепаратистер жетекшілеріне үш жыл мерзімге жартылай өзін-өзі басқару құқығын беретін заң бары ғана айтылады.

XS
SM
MD
LG