Accessibility links

ИМ тобы Пальмира көне ескерткіштерін бұзды


Сириядағы Пальмира қаласының ежелгі бөлігі.

Сириядағы Пальмира қаласының ежелгі бөлігі.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы өз адамдарының Сириядағы ежелгі Пальмира қаласынан ұрланған тарихи жәдігерлерді талқандаған сәтінен түсірілген делінген фотосуреттерді жариялады. Суреттерде көне ескерткіштерді балғамен ұрып қиратып жатқаны бейнеленген. Экстремистер бұл өнер туындылары контрабандистен тәркіленген дейді.

Сирияның ежелгі жәдігерлерді қорғау ведомствосының басшысы Маамун Абделкарим содырлардың қиратып-жойғаны Пальмирадағы мазардан ұрланған сегіз мүсін болуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, экстремистер сонымен бірге Пальмирада музей алдында тұрған әйгілі әл-Лат арыстаны ескерткішін де бұзған.

ИМ тобы мамыр айында Пальмираны басып алған соң, қаладағы ЮНЕСКО ұйымы дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізген тарихи ескерткіштерді содырлар жоюы мүмкін деген қауіп айтылған еді. Өткен айда экстремистер Пальмира маңындағы жұрт арасында қасиетті саналатын екі мұсылман зиратын бұзып қиратқаны туралы фотосуреттер жариялаған.

XS
SM
MD
LG