Accessibility links

Мәскеуде Сирияға бара жатқан қырғыз азаматы ұсталған


Мәскеудің «Домодедово» әуежайы. (Көрнекі сурет)
Мәскеудің «Домодедово» әуежайы. (Көрнекі сурет)

Қырызстан мен Ресей арнайы органдары Сирияға соғысқа қатысуға бармақшы болған қырғыз азаматын ұстаған деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бүгін таратқан мәлімдемесінде маусымның 25-і күні Мәскеудің «Домодедово» әуежайында Түркия арқылы Сирияға ұшпақ болған 25 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталғаны айтылған. «Ұсталған адам 2015 жылы маусымның 29-ы күні Қырғызстан аумағына қайтарылды» делінген ресми ақпаратта.

АҚШ-тың терроризмге қарсы орталығының мәліметтері бойынша, «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы қатарында Тәжікстан мен Қырғызстаннан барған жүздеген, ал Қазақстаннан – мыңнан астам жас азаматтар бар. Ресми деректер бойынша, Сирияға соғысқа қатысуға Қырғызстаннан аттанған адам саны 350-ден асады.

XS
SM
MD
LG