Accessibility links

Тәжік жастарын «ИМ қатарына тартқан» адам сотталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Тәжікстанда жастарды Сириядағы соғысқа тартуға қатысы бар деп айыпталған адам 18 жылға бас еркіндігінен айыру жазасына кесілді деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызмті. Тәжікстанның Хатлон облысы Шахритус аудандық сотының өкілі Бахром Махмадназаровтың айтуынша, «Басқа мемлекеттер территорияларындағы қарулы қақтығыстарға, қарулы бөлімшелерге заңсыз қатысу немесе тарту» бабы бойынша айыпты деп танылған Кори Хусейн дейтін азаматқа сот үкімі маусымның 30-ы күні шыққан.

Хабарламада Тәжікстан қауіпсіздік күштері Кори Хусейнді жас азаматтарды «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қатарына тартып, оларды Сириядағы соғысқа аттандыруға қатысы бар деген күдікпен ұстағаны айтылған.

Кори Хусейннің адвокаты Толиб Ортиков шілденің 2-сі күні Азаттықтың Тәжік қызметіне сұхбатында сот үкімі әділетті болмағанын айтып, аудандық сот шешіміне қарсы Хатлон облыстық сотына шағым түсіретінін жеткізген.

XS
SM
MD
LG