Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі Айымбетовті ғарышқа ұшыруды бекітті


Айдын Айымбетов. Астана, 11 сәуір 2011 жыл.
Айдын Айымбетов. Астана, 11 сәуір 2011 жыл.

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы келісім бойынша қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруды мақұлдады. Ақорда ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайлы шешім бүгін Назарбаев өткізген Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынында хабарланған.

Жиында бұған қоса Қазақстанның ғарыштық саласын дамыту, Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын іске асыру жайы талқыланған.

Бұған дейін Ресейдің Роскосмос агенттігі Айдын Айымбетовтің қаржылық себептермен ғарышқа сапарлаудан бас тартқан ағылшын әншісі Сара Брайтманның орнына ұшатынын хабарлаған.

Қазақстандық екі ұшқыш - Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер орталығында арнайы дайындықтан өткен еді. Екеуінің бірі 2009 жылғы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс болатын. Бірақ Қазақстан жағы қаржы тапшылығына байланысты ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырған.

Мұхтар Аймаханов 2012 жылы Ресей азаматтығын алып, қазір сол елде тұрып жатыр. Ал Қазақстанда қалған Айдын Айымбетов 2012 жылы ғарышкер мәртебесін алған.

XS
SM
MD
LG