Accessibility links

Экс-генерал Нұрлан Жоламановтың үкімі күшінде қалды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов сот залында. Астана, 27 ақпан 2015 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов сот залында. Астана, 27 ақпан 2015 жыл.

Қазақстан әскери сотының кассациялық алқасы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановқа шығарылған сот үкіміне қатысты осы соттың апелляциялық алқа қаулысын күшінде қалдырған. Бұл туралы Азаттыққа бүгін әскери соттың канцеляриясынан хабарлады.

Кассациялық сот алқасының шешіміне қанағаттанбаған Жоламановтың қорғаушылары енді Қазақстан жоғарғы сотына шағымданбақ.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты наурыздың 6-сы күні Нұрлан Жоламановты 11 жылға бас бостандығынан айырған. Сот Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Жоламановты «ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны» және «аса ірі көлемде пара алғаны» үшін айыпты деп танып, оны жазасын қатаң тәртіптегі қамау колониясында өтеуге үкім шығарған. Қылмыскер деп танылған Нұрлан Жоламанов генерал-лейтенант әскери шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылған.

Нұрлан Жоламанов өзіне қарсы сотты «қолдан жасалған, саяси іс» деп атап, тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG