Accessibility links

Астанада көшпенділер мәдениеті фестивалі басталды


«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер мәдениетінің фестивалі. Астана, 3 шілде 2015 жыл.

«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер мәдениетінің фестивалі. Астана, 3 шілде 2015 жыл.

Астана күніне орай бүгін «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпелілер мәдениетінің фестивалі ашылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, төрт күн бойы өтетін фестивальге түркі тілдес елдердің өнерпаздары келген. Қала тұрғындары мен қонқтарына олар ұлттық спорт ойындарын көрсетіп, концерт қояды.

Фестиваль аясында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ашылған. «Көшпенділер өркениеті» халықаралық фестивалінің продюсері Айгүл Бейсенбаеваның Азаттыққа айтуынша, биылғы шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. Сондықтан, сахналық көріністер хандар дәуіріне арналмақ.

Фестиваль аясында құсбегілер өнері, шабанбоздар думаны, ғұрыптық әндер, эпикалық жырлар, дәстүрлі сән үлгілері, айтыс, ұлттық күрес өтеді.

Көшпенділер мәдениеті фестивалі Астанада биыл сегізінші рет өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG