Accessibility links

Франция Ассанжға саяси баспана беруден бас тартты


Джулиан Ассанж Францияның TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. Лондон, 24 маусым 2015 жыл.

Джулиан Ассанж Францияның TF1 телеарнасынан сөйлеп тұр. Лондон, 24 маусым 2015 жыл.

Франция WikiLeaks сайтының негізін салушы Джулиан Ассанжға баспана беруден бас тартты. Бұл туралы Ассанджға жолдаған ашық хатында Франция президенті Франсуа Олланд оның өміріне "ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ" деген.

Швеция Джулиан Ассанжды "зорлық жасады" және "жыныстық қылмыс" жасады деп айыптап, оны қайтаруды талап етеді.

Швеция прокуратурасы 2010 жылы Ассанждың үстінен «жыныстық қылмысқа» қатысты іс қозғаған. 2012 жылдан бері Лондондағы Эквадор елшілігін паналап отырған Ассанж, егер Швеция үкіметі өзін қолға түсірсе АҚШ-қа экстрадициялайды деп қауіптенеді. АҚШ билігі Джулиан Ассанж НАТО-ның Ауғанстандағы және одақтастардың Ирактағы әскери операциялары туралы құпия құжаттарды жариялап, ауыр қылмыс жасаған деп санайды.

«Неміс толқыны» сайтының хабарлауынша, 2015 жылы Швеция прокуратурасының Ассанждан Лондонда жауап алу жайлы ұсынысын күдіктінің өзі қабыл алған. Ассанжға тағылған айыптар бойынша бес жылға жуық уақыт жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

XS
SM
MD
LG