Accessibility links

МАГАТЭ: Иранмен әлі көп жұмыс істеу қажет


МАГАТЭ басшысы Юкия Амано Иран президенті Хассан Роуханимен кездесуде. Тегеран, 2 шілде 2015 жыл.
МАГАТЭ басшысы Юкия Амано Иран президенті Хассан Роуханимен кездесуде. Тегеран, 2 шілде 2015 жыл.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) басшысы Юкия Амано Иранға сапарынан кейін екі жақ кейбір мәселелерде бір-бірін "жақсы түсіне бастағанын", бірақ МАГАТЭ мен Иран арасында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді шешуде "ілгерілеушілік жоғын" мәлімдеді.

"Тараптар әлі біраз жұмыс істелуі қажет болғанымен, әзірге бірқатар мәселелерде жақсы түсіністік тапты" деді Юкия Амано 3 шілдеде таратқан мәлімдемесінде.

Иран мен әлемдік державалар Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне халықаралық санкцияларды жұмсартуға қатысты түпкілікті келісім жасауды көздеп отыр.

МАГАТЭ түпкілікті келісімнің орындалуын бақылауда басты рөл атқарады.

Халықаралық қауымдастық Иранның ядролық бағдарламасы ядролық қару жасауды көздейді дейді. Бірақ Тегеран уранды тек бейбіт мақсатта пайдалануға дамытып жатқанын айтады.

Тегеран МАГАТЭ-нің Иранның бұрынғы ядролық іс-әрекетінде ядролық қару жасау әрекеті болғанын анықтауына мүмкіндік бермей отыр.

Амано Тегеранда Иран президенті Хассан Роуханимен, Иран Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысы Әли Шамханимен кездесті.

XS
SM
MD
LG