Accessibility links

EFSF Грекияны банкрот-мемлекет деп таныды


Грекия парламенті алдына қатаң экономикалық шараларға қарсы шеруге жиналғандар. Афина, 3 шілде 2015 жыл.
Грекия парламенті алдына қатаң экономикалық шараларға қарсы шеруге жиналғандар. Афина, 3 шілде 2015 жыл.

Еуропалық қаржы тұрақтылық қоры (EFSF) жұма күні Грекияны төлемге толық қабілетсіз мемлекет деп жариялады.

Жексенбі, шілденің 5-і күні Грекияда халықаралық жеңілдетілген несие алу үшін қатаң экономикалық реформалар жүргізу мәселесі бойынша референдум өткізілмек. Бұған дейін Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың осы референдум туралы бастамасын ел парламенті мақұлдаған.

Референдумға дейін Афинаның қарызын реттеуге байланысты барлық келіссөз тоқтатылған.

Афинада шығатын «Этнос» газеті жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, халықаралық несие берушілер талабын жақтаушылар мен оған қарсылар саны шамамен бірдей. Ал сауалнамаға қатысқандардың 12 пайызы әлі ұстанымын айқындамаған.

Европарламент төрағасы Мартин Шульц Грекия азаматтары кредиторлармен әріптестік идеясына қолдау білдіреді деген үміт білдірді. Егер сайлаушылардың шешімі осындай болып шықса, онда Ципрас отставкаға кетеді деп санайды ол.

Шульц Ципрасты «демагогиялық риториканы пайдаланып грек халқын айла-шарғымен адастырмақ болды» деп сынады.

XS
SM
MD
LG