Accessibility links

Назарбаевтың Астанада ауызашар бергені хабарланды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында Астанада ауызашар берді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі бүгін instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Ақпаратта ауызашардың қай күні берілгені айтылмаған.

Президент баспасөз қызметі Назарбаевтың ауызашарға қатысқандар алдында сөйлегені туралы видеолар жариялаған.

«Ел басқарған адам ретінде сол қасиетті жерлерге де бардым. Мен де тілек тіледім: ең бірінші еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен деп, қазақтың маңдайына бақ орнаса екен деп. Неше түрлі қилы замандардан өттік, солардың барлығында біздің ата-бабаларамыз Аллаға табынып, тілек тілеп, халық болып, ел болып, қазақ болып, қанша өліп, қанша тіріліп, жоғалып кеткеміз жоқ» деген Назарбаев ауызашардағы сөзінде.

Биылғы Рамазан маусымның 18-інен шілденің 16-сына дейін жалғасады. 17 шілде (жұма) күнi Ораза айт мейрамы басталады.

Рамазан айында мұсылмандар таң білінгеннен ымырт жабылғанша ораза ұстайды. Дәстүр бойынша, бұл күндері мұсылмандар мен қайырымдылық ұйымдары садақа беріп, ауызашар ұйымдастырады.

XS
SM
MD
LG