Accessibility links

Хорватия Астанада елшілігін ашады


Хорватиядағы Хвар қаласы. (Көрнекі сурет)
Хорватиядағы Хвар қаласы. (Көрнекі сурет)

Хорватия президенті Колинда Грабарь-Китарович осы елдің Астанадағы елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы шешімді жүзеге асырудың алғаш қадамы ретінде Алматыда Қазақстан азаматтарына виза беру істерімен айналысатын Хорватияның визалық орталығы өз жұмысын бастады» делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен бірге Қазақстан азаматтары Хорватия аумағына Шенген визасымен де кіре алады.

XS
SM
MD
LG