Accessibility links

Земфира Украинаға қолдау білдірді


Ресейлік әнші Земфира.
Ресейлік әнші Земфира.

Ресейлік әнші Земфира Тбилисидегі концертте Украинаға қолдау білдірді.

YouTube сайтында жарияланған видеода әнші сахнада ән шырқаған кезінде өзіне залдан берілген Украина туын біршама уақыт бұлғап ұстап тұрған соң, микрофонға тағып байлағаны бейнеленген. Грузия астанасында Земфира шілденің 3-і күні кешке Tbilisi Open Air 2015 фестивалінің ашылуында өнер көрсеткен.

Бұған дейін ресейлік өзге де танымал әншілер – Борис Гребенщиков, Юрий Шевчук және Андрей Макаревич Украинаға қолдау танытқан.

XS
SM
MD
LG