Accessibility links

Пальмира көне мұрасын жоюды ЮНЕСКО айыптады


Экстремистер жойған заттар деп видеода көрсетілгендер Сирияның Пальмира қаласындағы ежелгі тарихи ескерткіштер болуы мүмкін.
Экстремистер жойған заттар деп видеода көрсетілгендер Сирияның Пальмира қаласындағы ежелгі тарихи ескерткіштер болуы мүмкін.

ЮНЕСКО ұйымы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының Сириядағы көне Пальмира қаласындағы ежелгі тарихи алты ескерткішті жойғанын айыптады. Экстремистер талқандаған жәдігерлер арасында біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда жасалған өнер туындысына жататын үш метрлік Афина арыстаны ескерткіші де бар.

ИМ содырлары көне жәдігерлер контрабандистен тәркіленген соң исламшылар сотының шешімі негізінде жойылды деп мәлімдеген. Интернетте жарияланған видеоларда зіл балға ұстаған адамдардың ежелгі заман ескерткіштерін қиратып жатқаны бейнеленген.

ЮНЕСКО директоры Ирина Бокова мұндай іс-әрекеттер экстремистердің жабайылығы мен надандығын көрсетеді деп мәлімдеген. Ол тарихи және мәдени ескерткіштерді жергілікті тұрғындардың, соның ішінде балалардың көз алдында қиратылғанын қорлау деп атаған.

Пальмирадағы ежелгі заманғы қала жұқанасы ЮНЕСКО ұйымының дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

XS
SM
MD
LG