Accessibility links

Назарбаев пен Пан Ги Мун телефон арқылы сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Астана, 10 маусым 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Астана, 10 маусым 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен болашағын талқылаған.

«Назарбаев БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды және халықаралық қоғамдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жетекші рөлін атап көрсетіп, БҰҰ міндеттері мен мақсаттарына Қазақстанның адал екеніне сендірді» делінген ресми ақпаратта.

Пан Ги Мун Қазақстанның халықаралық саясаттың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыруға және шешуге қосып отырған үлесін атап өткен.

Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ бас хатшысының кеңсесі бастамашылық етті деп хабарлады Ақорда.

XS
SM
MD
LG