Accessibility links

Сербия Ресейден Сребреница жайлы қарарға қарсы тұруды сұрайды


Сребреница қырғыны құрбандары жерленген қорымдардың бірі. 2 шілде 2015 жыл.
Сребреница қырғыны құрбандары жерленген қорымдардың бірі. 2 шілде 2015 жыл.

Сербия Ресейден 1995 жылдың шілдесінде Сребренницада мұсылмандарды жаппай қырғынға ұшыратқан оқиғаны «геноцид» деп атаған БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қарарының жобасына вето қоюды сұрайды.

Шілденің 4-і күні Сербия мемлекеттік телеарнасы ел президенті Томислав Николичтің Ресей президенті Владимир Путинге жолдаған хатында келесі аптада БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қарары жобасына қарсы дауыс беруді сұрап Мәскеуге өтініш білдіргені туралы хабарлаған.

Батыс мемлекеттері мен Ресей Сребренницадағы қырғынға заң тұрғысынан баға беру мәселесін бірнеше рет талқылаған. Сербиямен ертеден тарихи тамыры және діни байланысы бар Ресей ұсынған қарардың балама жобасында Сребренница да, «геноцид» та айтылмайды.

Балкандағы соғыс кезінде арасында сегіз мың (ерлер мен ұл балалар) мұсылманды жаппай өлтірген қасіретті оқиғаға жиырма жыл толар қарсаңда БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне қарар жобасын Ұлыбритания әзірлеп ұсынған. БҰҰ заңдық құрылымдары Сребренницадағы қырғынға «геноцид» деген анықтама берген.

XS
SM
MD
LG