Accessibility links

Сенатор Уикер: Ресей мен ИМ-ге батыл жауап беру керек


АҚШ сенаторы Роджер Уикер.
АҚШ сенаторы Роджер Уикер.

АҚШ конгресі сенатының мүшесі Роджер Уикер Азат Еуропа – Азаттық радиосына берген сұхбатында «халықаралық қауымдастық Ресейдің басқыншылық әрекетіне де, күш ала бастаған «Ислам мемлекеті» радикалдық тобына да қарсы табандылықпен жұмыла қарсы тұратынын көрсетуі тиіс» деп мәлімдеді.

Миссисипи штатынан сайланған республикалық партия өкілі шілденің 4-і күні Прагада Азаттық тілшісімен әңгімеде, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаның шығысындағы іс-әрекетіне батыл және күш байқататын халықаралық жауап болуы тиіс деген.

Уикер Ресейдің Қырым түбегін жаулап алуы және Грузия, Молдова мен Украинадағы сепаратистерге қолдау көрсетуі «БҰҰ-ның негізгі құжаттары мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Хельсинки келісіміндегі принциптерді түгел дерлік бұзады» деп атап көрсетті.

АҚШ Хельсинки комитетінің теңтөрағасы қызметін атқаратын Роджер Уикер Хельсинки келісімінде бекітілген принциптер шілденің 5-і күні Финляндия астанасында ашылатын ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясында қолдау табатынына сенімді екенін айтады.

XS
SM
MD
LG