Accessibility links

Астанада ет асудан Гиннесс рекордын жасамақшы


Оттағы қазанға қамыр салып жатқан әйел. (Көрнекі сурет)

Оттағы қазанға қамыр салып жатқан әйел. (Көрнекі сурет)

Астанада шілденің 6-сы, қала күні «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының алдындағы саябақта үш жылқының етін асу жоспарланып отыр.

«Шара барысында 700 келіден астам жылқы еті асылады. Қолдан иленген қамыр мен ет бөлек қазандарда асылады. Ұлттық тағам дайын болған соң арнайы тайқазанға салып өлшенеді» деп хабарланған Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайтында.

Шараны ұйымдастырушылар соншама көп ет асу арқылы Гиннесс рекордтар кітабына енуді мақсат етіп отыр. Бұл үшін Лондоннан Гиннесс рекордтар кітабы ұйымының бас кеңсесінен арнайы өкілдер шақырылған. Ет әзір болған соң сол жерге жиналған жұртшылыққа таратылмақ. Рекордтық көлемде асылған еттен 3,5 мыңнан аса адам ауыз тиеді деген болжам айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG