Accessibility links

Фидель Кастро жұртқа тағы көрінді


Фидель Кастро (оң жақта) Франция президенті Франсуа Олландпен кездесіп тұр. Гавана, 11 мамыр 2015 жыл.

Фидель Кастро (оң жақта) Франция президенті Франсуа Олландпен кездесіп тұр. Гавана, 11 мамыр 2015 жыл.

Кубаның 88 жастағы бұрынғы жетекшісі Фидель Кастро соңғы бірнеше аптадан бері алғаш рет жұртқа көрінді. Куба мемлекеттік телеарнасы Кастроның Гавана маңында ірімшік дайындаушылармен кездескені туралы бейнекадрлар көрсетті.

2006 жылы денсаулық жағдайына байланысты ел билігін інісі Раульге (оның жасы қазір 84-те) тапсырғалы бері ел назарына сирек түсетін Фидель Кастро соңғы кездері мүлде көрінбей кеткен. Куба билігі оның денсаулығы жайлы мәліметті жасырады, ал шетелдік баспасөз құралдары, керісінше, Кастроның хал-жағдайы туралы ақпаратты білуге әркез құмар.

Бұдан бірнеше күн бұрын АҚШ пен Куба өзара дипломатиялық қарым-қатынасты толық қалпына келтіріп, елшіліктер ашуға әзір екендерін мәлімдеген. 1961 жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынас үзіліп, АҚШ Кубаға қарсы сауда эмбаргосын салған. АҚШ пен Куба арасындағы байланыстар 2014 жылдың соңына қарай жандана бастаған.

XS
SM
MD
LG