Accessibility links

Михаил Касьянов: Ресей президенті сайлауына түсуге әзірмін


Ресейдің РПР-ПАРНАС партиясының теңтөрағасы Михаил Касьянов.

Ресейдің РПР-ПАРНАС партиясының теңтөрағасы Михаил Касьянов.

Ресей экс-премьері, РПР-ПАРНАС партиясының теңтөрағасы Михаил Касьянов бүгін журналистерге берген сұхбатында егер оппозиция құп көрсе президент сайлауына түсуге дайын екенін мәлімдеген.

«Қалай болғанда да біз президент сайлауы алдында қазіргідей праймериз өткізіп, ең лайықты кандидатты таңдаймыз» деген ол.

Бүгін Мәскеуде РПР-ПАРНАС партиясы съезі өтіп жатыр. Делегаттар алдында сөйлеген сөзінде партия жетекшілігінің мүшесі Вадим Прохоров қастандықпен өлтірілген ресейлік саясаткер Борис Немцовтың қазасын тергеуге халықаралық бақылау қажеттігі туралы мәлімдеген.

Партия басшылығының тағы бір мүшесі Илья Яшин Немцовтың қазасына қатысты тергеуде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан жауап алынуы керектігін айтқан.

Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен жарғысына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланған.

XS
SM
MD
LG