Accessibility links

«Прогресс» ғарыш станциясына жүк жеткізді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің «Прогресс М-28М» жүк кемесі бүгін халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйісті деп хабарлады ресейлік «Роскосмос» ғарыш агенттігі.

«Прогресс М-28М» кемесі «Союз-У» зымыран-тасығышының көмегімен шілденің 3-і күні Байқоңырдан ұшырылған. Бұған дейін сәуірдің 28-і күні ХҒС-на жүк алып ұшқан кеме апатқа ұшырап, атмосфераның тығыз қабатында жанып кеткені хабарланған еді. Одан соң 28 маусым күні ХҒС-на жүк тиеп АҚШ-тан ұшырылған Falcon-9 зымыран-тасығышы да әуеге көтерілген соң жарылып кеткен.

«Прогресс М-28М» осы жолы ХҒС-на оттегі, отын, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған және өзгедей құрал-жабдықтар мен азық-түлік – жалпы салмағы екі тоннадан аса жүк жеткізген.

XS
SM
MD
LG