Accessibility links

Ереванда полиция баррикадаларды бұзды


Полиция демонстранттарды Баграмян даңғылынан ығыстырып жатыр. Ереван, 6 шілде 2015 жыл.

Полиция демонстранттарды Баграмян даңғылынан ығыстырып жатыр. Ереван, 6 шілде 2015 жыл.

Армения полициясы бүгін Ереванның орталығындағы Баграмян алаңынан наразылық танытушыларды ығыстырып шығарды. Полиция электр энергиясы тарифтерінің қымбаттауына наразыларды даңғылдан шығарып, олар құрған баррикадаларды бұзды. Даңғыл бойымен жол қозғалысы қалпына келтірілді.

Демонстранттар мен полиция арасында жанжал болғаны хабарланғанымен, үлкен қақтығыс бола қойған жоқ.

Демонстранттар екі аптадан бері Ереванның орталығында тамыз айынан бастап электр энергиясы тарифтерінің 16 пайызға қымбаттауына наразылық танытып, баррикада құрып жатқан.

"Ереван Электр" қарсылық қозғалысы жетекшілері бұған дейін баррикадаларын президент Серж Саркисян кеңсесіне қарай жылжытатынын ескерткен.

Демонстранттар Серж Саркисяннан Қоғамдық қызметті реттеу комиссиясының 17 маусымда шығарған тамыздан бастап электр энергиясы қуаты бағаларын 16 пайызға дейін қымбаттату туралы шешімін жоюды, 23 маусымда Ереван орталығында демонстранттарды күшпен таратқан полицейлер мен оған тапсырыс бергендерді жазалауды және электр қуатының қазіргі бағасын арзандатуды талап етеді.

XS
SM
MD
LG