Accessibility links

Ирак: Әскери ұшақ қателесіп Бағдадта тұрғын үйді бомбалады


Тикрит маңында тұрған Ирак армиясы танкісі. (Көрнекі сурет).

Тикрит маңында тұрған Ирак армиясы танкісі. (Көрнекі сурет).

Ирак армиясының әскери ұшақтары қателесіп Бағдадтың шығысындағы Найрия ауданын бомбалап, кемінде жеті адам қаза тапты.

Ирак арнайы қызметінің ресми өкілі, бригада генералы Саад Маанның 6 шілдеде таратқан мәлімдемесінде қайғылы оқиғаның "техникалық проблемадан" болғаны айтылады.

"Техникалық проблемадан бомбалардың бірі ұшақтан шықпай қалып қойып, ұшақ базаға қайтып келе жатқанда Бағдадтағы үш үйге түскен" деді Саад Маан.

Ирак әскери әуе-күштері елдің солтүстік-шығысындағы көпшілігі сүнниттер тұратын аймақтарды бақылауына алған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы әуе шабуылдарын жасап жүр.

XS
SM
MD
LG