Accessibility links

Ресейде әскери ұшақ апатынан 2 ұшқыш қаза тапты


Ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшақтары. (Көрнекі сурет).
Ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшақтары. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Хабаровск өлкесінде әуеге көтеріліп бара жатқан Су-24 бомбалаушы ұшағы жарылды. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апаттан борттағы екі ұшқыш қаза тапты.

Ресей армиясында соңғы бір айда осымен бесінші әскери ұшақ апатқа ұшырап отыр.

Бұған дейін, шілденің 3-і күні Краснодар өлкесінде МиГ-29 жойғыш ұшағы қозғалтқышы істен шығып апатқа ұшыраған. Маусымның басында Воронеж облысы аэродромында Су-34 бомбалаушы ұшағы жанына қарай аударылып кеткен.

Одан бірнеше күннен кейін Амур облысында Ту-95 бомбалаушы ұшағы өртеніп, бір ұшқыш қаза тауып, біреуі ауруханаға түскен.

XS
SM
MD
LG