Accessibility links

Путин Назарбаевты Невский орденімен мараппаттады


Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі кездесуі. 9 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі кездесуі. 9 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Александр Невский орденімен мараппаттады. Бұл туралы Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

Орден 9 шілде күні Уфада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінде беріледі.

2 шілде күні Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевты «екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін және Қырғызстан мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтқаны үшін» бірінші дәрежелі «Манас» орденімен марапаттаған.

XS
SM
MD
LG