Accessibility links

Qazaq Air 12 бағытта жолаушы тасымалдайды


Астана әуежайы. (Көрнекі сурет).

Астана әуежайы. (Көрнекі сурет).

"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының мәлімдеуінше, жаңа Qazaq Air 12 бағытта жолаушы тасымалдайды.

Жолаушылар тасымалдауға Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы қолданылады.​

Қызметінің алғашқы кезеңінде әуе компаниясы Алматы – Қостанай, Алматы-Павлодар, Алматы-Талдықорған, Алматы-Балқаш, Астана-Балқаш, Шымкент-Қызылорда, Ақтөбе-Қостанай, Ақтөбе-Атырау арасына аптасына үш рейс, Алматы - Астана арасына аптасына жеті рейс, Алматы – Шымкент арасына аптасына сегіз рейс, Шымкент- Павлодар арасына екі рейске дейін ұшады.​

«Qazaq Air» компнаиясының жобалау жөніндегі директоры Блэр Поллок әуе компаниясындағы бағалар қолжетімді деп хабарлады. Толық акциясы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі әуе компаниясы 20 шілдеден бастап жолаушылар тасымалдайды.

XS
SM
MD
LG