Accessibility links

АІ: Мигранттар Балқан елдерінде қысымға ұшырады


Венгрия шекарасында тұрған боскындар.

Венгрия шекарасында тұрған боскындар.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы бірқатар Балқан елдерін Еуропаға келген мигранттарға қысым көрсеткені үшін айыптады.

AI өз есебінде «Еуропа елдеріне Балқан түбегі арқылы өтуге талпынған мыңдаған босқындар мен мигранттар билік пен қылмыстық топтар тарапынан қысым көріп жатыр" деп жазған.

Ұйым Сербия, Грекия, Венгрия және Македония елдерінде зерттеу жүргізген.

АІ-дің Еуропа және Орталық Азия бойынша өкілдерінің бірі Гаури ван Гуликтің айтуынша, Сербия мен Македония еш себепсіз мигранттар мен босқындарды қамауға алған.

АІ дерегі бойынша, көптеген мигрантар жергілікті полицияға пара берген. Осы аптада Сербияда 29 полиция мен тоғыз кеден қызметкері "қызметін асыра пайдаланды және мигранттарды пара алып, Венгрия шекарасына өткізді" деп қамауға алынған.

АІ Сербия мен Македония билігінен босқындардың құқығын сақтауды талап етіп отыр.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG