Accessibility links

"Альянс банктің" экс басшысына айып тағылды


Жомарт Ертаев.

Жомарт Ертаев.

Бас прокуратура "Альянс банк" басқармасының экс-басшысы Жомарт Ертаевты "бөтеннің мүлігін иемденді және өз атына аударып алды" деп айыптап отыр.

Ақпарат бойынша, Ертаев "Альянс банктің" басшыларына қатысты істе күдіктілердің қатарына енген. Қазір прокуратура тексеру жүргізіп жатыр.

2009 жылы Жомарт Ертаев "Альянс банк" ісіне қатысты бірнеше ай қамауға алынған. Ол кезде Ертаевқа "Альянс банктің" менеджерлерімен бірге бір миллиард долларды ұрлады деп айыпталған. Кейін сот "банк ақшаны дұрыс жұмсамаған" деген шешімге келіп, Ертаевты босатқан.

Ал 2014 жылы Ертаев "Алма-ТВ" кабельдік телевидения операторының басшысы болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG