Accessibility links

Ауғанстанда ИМ-нің күдікті содырларының көзі жойылды


Ауған қауіпсіздік қызметкері Құндыз уәлаятында содырлармен ұрыс кезінде. (Көрнекі сурет).

Ауған қауіпсіздік қызметкері Құндыз уәлаятында содырлармен ұрыс кезінде. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанда жергілікті және шетелдік биліктің мәліметі бойынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына ант берген содырларға қарсы әуе соққыларынан 25-тен 50-ге дейін күдікті содыр мерт болды.

Ауғанстанда ИМ-ге ант берген содырлар саны артып келеді. Олардың көпшілігі Орталық Азия аймағынан барған, Пәкістанның Солтүстік Вазиристан провинциясындағы әскери операциялар жүріп жатқан аймақтарды тастап шыққандар делінеді.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Солтүстік Вазиристаннан барған содырлар Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы содырларымен қақтығысып қалған.

Солтүстік Вазиристан провинциясы билігінің мәліметінше, АҚШ ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарының Ачин ауданындағы Мамд Дара елді мекеніне жасаған әуе шабуылынан кемінде 49 содыр өлген. Бірақ шетелдік әскерилер өкілінің дерегінше, қаза тапқандар саны шамамен 25 адам.

XS
SM
MD
LG