Accessibility links

ЕО: Иранмен келісім бірнеше күнге ұзарды


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғары комиссары Федерика Могерини. Вена, 7 шілде 2015 жыл.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғары комиссары Федерика Могерини. Вена, 7 шілде 2015 жыл.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини Иран мен әлемдік алты держава арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты келіссөз "бірнеше күнге" созылатынын мәлімдеді. Бұл жайында ол бүгін Венада өтіп жатқан Иран мен алты ел дипломаттарының кездесуінде аятты.

Ал АҚШ дипломаттары Иранмен 2013 жылы жасалған уақытша келісім шарттарының күші шілденің 10-ына дейін созылғанын хабарлады.

Иран мен АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия 30 шілдеге дейін Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне халықаралық санкцияларды жеңілдететін түпкілікті келісім жасасуы тиіс болатын. Бірақ тараптар кесімді мерзімде келісімге келе алмай, келіссөзді 7 шілдеге дейін ұзартқан.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 7 шілдеде Иранға қарсы қару-жарақ эмбаргосының "үлкен проблема" болып тұрғанын айтып, түпкілікті келісім жасасу үшін әлі сегіз мәселені пысықтау қажетін жеткізді.

XS
SM
MD
LG